2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 273 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 тамызда № 7446 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 44-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 13418 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін.

      2. Облыстың білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 10 тамызы № 273

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі

Жоғары оқу орнының атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысының саны

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

65

2

"НҰР-МҮБАРАК" Египет Ислам мәдениеті университеті" жеке мекеме

3

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

10

Барлығы

78


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады