Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 144 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 276 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 тамызда № 7453 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 03/485 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 144 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4559 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 13 маусымда электрондық түрде, 2016 жылғы 14 мауысымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 16 маусымдағы "Дидар", 2016 жылғы 18 маусымдағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады