Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.08.2020 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына және 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 03/128 ұсынымы негізінде, карантин нысаны – жұпсыз жібек көбелегінің (Lymantria dispar L. (asian race) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұпсыз жібек көбелегімен (Lymantria dispar L. (asian race) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (А. Ш. Жақыпбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Күршім (С. Ж. Чукаев), Катонқарағай (А. А. Нұрғожин), Көкпекті (Р. Н. Сағандықов) аудандарының әкімдері, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ. Қ. Төлеубеков) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3683, 2015 жылғы 18 ақпандағы № 20 (17109) "Дидар", 2015 жылғы 17 ақпандағы № 19 (19618) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "19" мамырдағы №144 қаулысына қосымша |
Жұпсыз жібек көбелегімен (Lymantria dispar L. (asian race) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілетін карантин аймағы
р/с№ | Аудандар, ауылдық округтер атаулары | Жер учаскесінің тиесілігі | Зақымданған алқап, гектарда |
1 | Күршім ауданы | ||
Күршім | Күршім ауылы | 6 | |
Шірікаяқ учаскесі,119-квартал | 94 | ||
Абай | Шірікаяқ учаскесі, 131-квартал | 5 | |
Құйған | Шірікаяқ учаскесі, 72,73-квартал | 70 | |
Маралды | Маралды ауылы | 4 | |
Үшбұлақ учаскесі, 249, 296, 269, 273, 274, 275, 282, 277-квартал | 110 | ||
Сарыөлең | Сарыөлең ауылы | 1 | |
Шірікаяқ учаскесі, 124-квартал | 110 | ||
Аудан бойынша барлығы | 400 | ||
2 | Катонқарағай ауданы | ||
Үлкен Нарын |
Суықшат учаскесі, 40-квартал | 6,9 | |
Аудан бойынша барлығы | 6,9 | ||
3 | Көкпекті ауданы | ||
Палатцы | Синюха учаскесі | 5 | |
Аудан бойынша барлығы | 5 | ||
Облыс бойынша барлығы | 411,9 |