Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 444 "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы 05-079-001) жер учаскесі тұстамасындағы Ұранқай өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 392 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қарашада № 7784 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 444 "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы 05-079-001) жер учаскесі тұстамасындағы Ұранқай өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6430 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2020 жылғы "___" _______________

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 2 қарашадағы
№ 392 қаулысына қосымша
  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 444 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы 05-079-001) жер учаскесі тұстамасындағы Ұранқай өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Бестерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 0,145 км орналасқан (есеп кварталы 05-079-001) жер учаскесінің тұстамасы шегіндегі Ұранқай өзені (сол жақ жағалау)

0,125

2,1701

155-197

0,155

0,5335

35

      Ескертпе:

      Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады