Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 422 бірлескен шешімі және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 44/505-VI қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 7993 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, "Семей қаласының көшесін қайта атау жөніндегі ұсынысты енгізу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 2117 қаулысы және Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 21/132-VI шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 27 тамыздағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Цементная көшесі Мұратхан Бейсембаев көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі _________ Д. Ахметов


Сессия төрағасы ______________ Б. Нурасыл
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
хатшысы __________________ В. Головатюк


     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады