ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 01-09/25 ұсынысының негізінде Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Самсоновка ауылында орналасқан "Айка" шаруа қожалығының аумағында ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін ірі қара малдың бруцеллез ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 5200 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6464 тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2020 жылғы 15 қаңтарда "Мой город" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппараты" мемлекекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Өскемен қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін Өскемен қаласы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |