Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI "Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 58/6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 шілдеде № 7271 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI "Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      2 тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "мәдениет және спорт ұйымдарының бейінді қызметкерлері".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрғасы Е. Омарбеков
      Қалалық маслихат хатшысы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады