ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгіленсін:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде:
ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
ересектерге – 140 (жүз қырық) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.
2. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми түрде жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Семей қаласының әкімі | Е. Салимов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қалалық мәслтхат | |
сессияның төрағасы | С. Родионов |
2019 жылғы "__"______________
_______________
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Ақжалов |
2019 жылғы "__"_______________
________________