"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 49/336-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 6844 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 12/73-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 09.11.2023 № 12/73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3267 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінің № 35-36 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде бір рет көрсетіледі. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек қаржы жылына бір рет тағайындалады.";

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мүгедектер және Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін әлеуметтік көмектің шекті мөлшері - 226,330 айлық есептік көрсеткішті құрайды";

      10-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына - 226,330 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға- 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына-35,0 айлық есептік көрстекіш;

      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының

      жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен награтталған тұлғаларға – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      "1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен награтталмаған тұлғаларға–16,032 айлық есептік көрсеткіш";

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де мінедеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақыдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге –35,0 айлық есептік көрсеткіш.";

      11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.

      Өмірлік қиын жағдайда жүрген, оның ішінде табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы С. Родионов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады