Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 26/9-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 39/23-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 6870 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 3/6-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.03.2021 № 3/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Рсепубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі "Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" №26/9-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 тіркелген, "Лениногорская правда" газетінде 2014 жылғы 06 маусымда № 23 шығарылымында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      11 тармақтың 1 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан – 35 айлық есептік көрсеткіш;";

      11 тармақтың 5 тармақшасы келесі редакяида жазылсын:

      "5) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 226,330 айлық есептік көрсеткіш;

      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелді қалаларда болған Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болған адамдарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу – көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу – көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтарға – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi) – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерімен марапатталғандарға – 37,722 айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС апат салдарынан және басқа радиациалық апаттардан және азаматтық немесе әскери белгіленген объектілердегі апаттардан, ядерлік қару сынағынан мүгедек болған тұлғаларға және әке-шешесінің біреуінің радиациалық сәулесімен генетикалық байланысты мүгедектігі бар балаларына - 25 айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер және кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына: Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 15,299 айлық есептік көрсеткіш;";

      13 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "13. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек Риддер қаласының аумағында орналасқан денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы бекіткен кірістерді есепке алмай тізім бойынша, алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы Р. Хисамов
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады