ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қалалық мәслихатының:
2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 7/10-VI "Риддер қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру қағидасы мен оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4835 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) шешімінің;
2019 жылғы 28 ақпандағы № 32/12-VI "Риддер қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру қағидасы мен оның сипаттамасын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 7/10-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5771 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 26 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 05 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | Г. Китаппаева |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. Панченко |