Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 121 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 358 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 7203 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 853 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 30.12.2020 № 853 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 121 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5486 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде және 2018 жылғы 9 наурызда "Лениногорская правда" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:", кіріспе орыс тілінде өзгермейді;

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Риддер қаласының білім беруо бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Риддер қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Риддер қаласы әкімдігінің интернет ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Д.Б. Дүйсембаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Риддер қаласының әкімі Ж. Муратов

  Риддер қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "15" маусымдағы
№ 358 қаулысына қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Ұйым атауы

Тәрбиеленушілер саны, адам

Айына бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Барлығы

соның ішінде:

соның ішінде:

толық күн

жарты күн

толық күн

жарты күн

1.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№15 "Золотая рыбка" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

105

105

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

2.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алем" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

160

160

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

3.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№24 "Аленка" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

145

145

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

4.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің №25 "Ромашка" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

260

260

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

5.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№38 "Ласточка" бөбекжай-балабақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

150

150

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

6.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№41 "Теремок" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

300

300

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

7.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

260

260

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

8.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қуаныш" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

274

274

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

9.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдаурен" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

157

157

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

10.

"Детская планета" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

100

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500

11

"Риддер қаласының "Болашақ" бастауыш мектеп- балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

240

240

-

33267

-

3 жасқа дейін-12500
3-6 жас аралығында-14500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады