Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 30.12.2020 № 853 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 15.06.2020 № 358 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.04.2020 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 1043 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4822 тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда "Лениногорская правда" газетінде және 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Д.Б. Дүйсембаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |
Риддер қаласы әкімдігінің "1" ақпан 2018 жылғы № 121 қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 15.06.2020 № 358 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.04.2020 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).
№ | Ұйым атауы | Тәрбиеленушілер саны, адам | Айына бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері, теңге | Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге | |||
Барлығы | соның ішінде: | соның ішінде: | |||||
толық күн | жарты күн | толық күн | жарты күн | ||||
1. | "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№15 "Золотая рыбка" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 105 | 105 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
2. | "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алем" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 160 | 160 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
3. | "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№24 "Аленка" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 145 | 145 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
4. | "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің №25 "Ромашка" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 260 | 260 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
5. | "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№38 "Ласточка" бөбекжай-балабақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 150 | 150 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
6. | "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№41 "Теремок" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 300 | 300 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
7. | "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 260 | 260 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
8. | "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қуаныш" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 274 | 274 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
9. | "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдаурен" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 157 | 157 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
10. | "Детская планета" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 100 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |
11 | "Риддер қаласының "Болашақ" бастауыш мектеп- балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 240 | 240 | - | 33267 | - | 3 жасқа дейін-12500 3-6 жас аралығында-14500 |