Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Риддер қаласында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 173 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 434 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 7411 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 28 ұсынысының негізінде, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. К. Цеткин, Папанин, Урожайная көшелерінің аумағында ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін ірі қара малдың бруцеллез ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Риддер қаласында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6769 тіркелген, 2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін Риддер қаласы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Ж. Муратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады