Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 23.07.2020 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 1 ұсынысының негізінде, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, К. Цеткин, Папанин, Урожайная көшелерінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Риддер қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е. С. Нужныхқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласы әкім орынбасары | К. Уралбеков |