Мүгедектерге арналған жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 821 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 8105 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 308 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 14.11.2023 № 308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектерге жұмыс орындарын белгілеу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар ауыр жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға квота белгіленсін:

      1) 50 (елуден) 100 (жүз) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2 (екі) пайыз мөлшерін;

      2) 101 (жүз бір) адамнан 250 (екі жүз елу) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 (үш) пайыз мөлшерін;

      3) 251 (екі жүз елу бір) адамнан астам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4 (төрт) пайыз мөлшерін құрайды.

      2. "Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Риддер қаласының әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №269 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-171 тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының және Риддер қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 706 "Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 269 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6134 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Нужныхқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады