Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 14.12.2020 № 821 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 269 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-171 тіркелген, Қазақстан Республикасын нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 28 сәуірінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |
2019 жылғы "___" _____ № _____ қаулысына қосымша |
|
Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "03" сәуірдегі № 269 қаулысына қосымша |
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар | Квота мөлшері (%) |
елуден жүз адамға дейін | 2 |
Жүз бірден екі жүз елу адамға дейін | 3 |
екі жүз елу бірден артық адам | 4 |