Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/6-VI "Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 44/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 наурызда № 6766 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/6–VI "Тіркелеген салықтың мөлшерлемелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5–5–154 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Елубаев
      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады