Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 58/3-VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 42/9-VІ "2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6475 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы азаматтық қызметшілерге қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Елубаев |
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |