Аягөз ауданы әкімінің шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 наурызда № 6745 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Аягөз ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 2 "Аягөз ауданының Аягөз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5561 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 27 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рысбекқызына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады