Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 04.09.2020 № 52/440-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңның 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/176-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3381 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 30 маусымында, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2014 жылдың 5 шілдесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
11-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 33,400 айлық есептік көрсеткіш;
1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға – 33,400 айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына – 23,857 айлық есептік көрсеткіш;
4) Жеңіс күні – 9 Мамыр:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215,983 айлық есептік көрсеткіш;
қайтыс болған Ұлы Отан соғыс мүгедектерінің, қайтадан некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне); қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының және басқа себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) нәтижесінде мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс атқарған (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға - 15,299 айлық есептік көрсеткіш;
5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр - саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға - 4,294 айлық есептік көрсеткіш;";
11-тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз:
16 жасқа дейінгі мүгедек бала асыраушы адамдарға – 4,771 айлық есептік көрсеткіш.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Дюсенбаев |
Аягөз аудандық мәслихат хатшысы | С. Искаков |