Ақтоғай кенттік округінің Ақтоғай кентіндегі атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақтоғай кенттік округінің әкімінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 қыркүйекте № 7507 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтоғай кенттік округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Аягөз ауданы Ақтоғай кенттік округінің Ақтоғай кентіндегі атауы жоқ көшеге "Әдікен Байтоғаев" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай кенттік округінің әкімі З. Кесикбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады