Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 17.05.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 87 ұсынысы негізінде, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданының Қопа ауылдық округіне қарасты "Мирас" шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы "Қопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округінің әкімі | Н. Жетибаев |