"Казникель" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеуді жүргізу үшін Жетіжар ауылдық округінің аумағындағы "Горностаевское" кен орынында қауымдық сервитут орнату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 152 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 мамырда № 7105 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабы 1-1) тармақшасына, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымша бойынша, "Казникель" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жетіжар ауылдық округінің аумағындағы "Горностаевское" кен орынында пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеуді жүргізу үшін жалпы көлемі 861,0 гектар жер телімдеріне қауымдық сервитут 2022 жылғы 26 ақпанға дейін мерзімге орнатылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) аумақтық әділет органдарында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) оның ресми жариялануынан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.М. Алимбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданының әкімі Ш. Байбеков

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 20 мамыры
№ 152 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут орнатылған жер телімдерінің тізбесі (шектеулі нысаналы пайдалану құқығы)

    № р/с

Телімнің кадастрлық нөмірі

Жер пайдаланушы

Нысаналы мақсаты

Жалпы көлемі, га

Қауымдық сервитут көлемі, га

1

05-240-024-104

Абдрахманов Талгат Хайруллович

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

1119,0

403,0

2.

05-240-024-118

Жаксыбаев Мансур Ныгметович

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

822,0

47,0

3.

05-240-024-119

Давлетова Разия Рамзиновна, Вердиханова Гюллерхан Рамзиновна

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

1260,0

332,0

4.

05-240-024-046

ТОО "Манап и К"

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

1500,0

79,0


Барлығы




861,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады