Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 05.11.2020 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 2 қазандағы № 371 ұсынысы негізінде, Баскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Құстардан тұмау ауруының шығуына байланысты, Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі Башкөл ауылының аумағына қарантин белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді әділет органында мемлекеттік тіркеу;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Баскөл ауылдық округінің әкімі | К. Бытебаев |