Карантинды тоқтату және Долон ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 2 "Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің "Бестерек" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 маусымда № 7135 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 174 ұсынысына сәйкес, Долон ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара мал арасында қарасан ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық - санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің "Бестерек" шаруа қожалығы аумағында белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Долон ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 2 "Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің "Бестерек" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6905 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Долон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бесқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Долон ауылдық округ әкімі К. Ипанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады