Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің "Бестерек" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 6905 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 27.05.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131 ұсынысы негізінде, Долон ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдан қарасан ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің "Бестерек" шаруа қожалығының аумағына карантин белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді әділет органында мемлекеттік тіркеу;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Долон ауылдық округ әкімі К. Ипанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады