Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс - шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 сәуірде № 7021 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 25.12.2020 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 272 ұсынысы негізінде, Новодворовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі подхоз Березовка, санаторий Березовка және "Жумагулов" шаруа қожалығы елді мекендеріндегі ірі қара мал арасында созылмалы инфекциялық бруцеллез ауруына қарсы ветеринарлық-санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары енгізілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Новодворовка ауылдық
округінің әкімі
М. Досмагамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады