Шектеу іс – шараларын алу және "Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 8047 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1– бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46–бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық испекторының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 865 ұсынысы негізінде, Новодворовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Новодворовка округінің Березовка подхозы, Березовка санаторийі және "Жумагулов" шаруа қожалығы елді мекендерінде ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруын сауықтыру бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. "Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 тіркелген, 2020 жылғы 1 мамырда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2020 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн

      ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Новодворовка ауылдық округінің әкімі М. Досмагамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады