Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 281 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 шілдеде № 7368 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 26.01.2021 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген), мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 96 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5858 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 19 сәуірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Нургожин

  Жарма ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 14 шілдедегі
№ 281 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар

Квота мөлшері (%)

Елуден жүз адамға дейін

2

Жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

Екі жүз елу бірден жоғары

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады