ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2020 жылғы 17 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарма ауданы, Қалбатау ауылында орналасқан саябаққа "Нұрқасым Садықовтың" есімі берілсін.
2. "Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы шешім Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қалбатау ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Аубакировке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалбатау ауылдық округінің әкімі | Б. Самежанов |