Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68-12 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 8086 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ф. Мұхаметқалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

  Зайсан аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 68-12 шешімге қосымша

Зайсан аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі.

      1) Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49-1 "2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6528 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;

      2) Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 53-1 "2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 49-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6892 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;

      3) Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 55-2 "2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 49-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7148 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;

      4) Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 57-2 "2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 49-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7364 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;

      5) Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 тамыздағы № 59-1 "2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 49-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7461 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;

      6) Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 61-4 "2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 49-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7593 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;

      7) Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 64-1 "2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 49-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7791 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады