Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 23.12.2020 № 76/2-VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2020-2022 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 60/2- VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6471 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
6- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 - бабының 9 - тармағына сәйкес, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер қарастырылсын.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.".
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Л. Попова |
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |