Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қаңтарда № 8353 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18–бабының 2) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі анықталсын.

      2. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7131 тіркелген, 2020 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) Алтай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 173 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі К. Байгонусов
      "КЕЛІСІЛДІ":
Алтай ауданы

мәслихатының хатшысы _______________

"____"_________ 2020 жыл
Л.Гречушникова

  Алтай ауданының әкімі
2021 жылғы 15 қаңтардағы
№ 2 қаулысы қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:

      1) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті;

      2) мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 28.04.2023 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

      1) аға кітапханашы;

      2) кітапханашы;

      3) аға мәдени ұйымдастырушы;

      4) мәдени ұйымдастырушы;

      5) концертмейстер;

      6) сүйемелдеуші;

      7) хореограф;

      8) режиссер;

      9) бұқаралық шаралардың режиссері;

      10) дыбыс режиссері;

      11) дыбыс операторы;

      12) хор жетекшісі;

      13) музыкалық жетекші;

      14) вокалдық топ жетекшісі;

      15) бейнелеу студиясының жетекшісі;

      16) студия жетекшісі;

      17) үйірме жетекшісі;

      18) би ұжымының жетекшісі;

      19) вокал студиясының жетекшісі;

      20) хор жетекшісі;

      21) көркемөнерпаздар ұжымының жетекшісі;

      22) халық ұжымының жетекшісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады