ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 - бабы 1 –тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Білім алушылардың Алтай және Серебрянск қалалары бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Л. Попова |
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |