Зубовск кентінде телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін жер теліміне шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Зубовск кентінің әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қарашада № 7771 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданы Зубовск кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зубовск кенті Тохтаров көшесіндегі 237-АТС бастап Лазо көшесіндегі 55 үйге дейін телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, жалпы алаңы 0,0082 га, 2030 жылдың 31-желтоқсанына дейін 10 жыл мерзімге жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Зубовск кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен сервитут шартын жасасын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім В. Морозов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады