Малеевка ауылындағы телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін жер теліміне шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қарашада № 7787 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылының Степная көшесіндегі 19 - үйден 32 - үйге дейінгі аралықта телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,0038 га жер телімдерін меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоюсыз 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10 жыл мерзімге жер телімдерін шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етісн.

      3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен сервитут шартын жасасын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Малеевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Р. Калитова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады