ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданы Полянское ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Полянское ауылында телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін, Фрунзе көшесіндегі мектептен Фрунзе көшесіндегі №10 үйге дейін жалпы алаңы 0,0068 га жер учаскелерін, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге 10 жыл мерзімге жер учаскелерін (қауымдық сервитут) шектеулі мақсатты пайдалану құқығы белгіленсін.
2. "Алтай ауданы Полянское ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен сервитут шартын жасасын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полянское ауылдық округінің әкімі | А. Попукалов |