ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 – бабына, 69 – бабы 4 – тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабы 1 – тармағының 6) тармақшасына сәйкес Алтай ауданы Чапаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Шығыс Қазақстан облысында орналасқан, Алтай ауданы, Чапаев ауылдық округі, Чапаев ауылы Победа көшесі бойындағы № 3 – үйден № 5 – үйге дейін телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін, алаңы 0,0018 га жер телімін меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін мерзімі 10 жылға жер теліміне шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етісн.
3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен сервитут шартын жасасын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Чапаев ауылдық округінің әкімі | Г. Габдиев |