ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 – бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 – бабына сәйкес Алтай қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келесі жер учаскелерінде орналасқан жол бойынша Алтай қаласындағы шаруашылық – тұрмыстық канализациясының тазарту құрылыстарына өтуі және жүруі үшін Алтай ауданы әкімдігінің "Жылу – су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына жер учаскелерін алып қаймастан қырық тоғыз жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін:
Алтай қаласының Грехово кенті мекенжай бойынша орналасқан, 2,1018 гектар, кадастр нөмірі 05-082-010-217;
Алтай қаласының Грехово кенті мекенжай бойынша орналасқан, 6,6445 гектар, кадастр нөмірі 05-082-010-214;
Алтай қаласының Грехово кенті мекенжай бойынша орналасқан, 38,4487гектар, кадастр нөмірі 05-082-010-248;
Алтай қаласының Грехово кенті мекенжай бойынша орналасқан, 20,3854 гектар, кадастр нөмірі 05-082-010-212;
2. "Алтай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) аумақтық әділет органында осы шешімнің мемлекеттік тіркеуді;
2) Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында осы шешімнің орналастыруын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай қаласының әкімі | К. Передельский |