Жер теліміне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 мамырда № 7130 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 69 – бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 – бабына сәйкес, Алтай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Алтай қаласындағы Шахтостроителей көшесі бойындағы № 47 – үймен және Шолохов көшесі бойындағы № 47 – үй арасында орналасқан бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйді жобалау және салу үшін алаңы 0, 75 га мерзімі 5 жылға жер телімін шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Алтай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде осы шешімнің мемлекеттік тіркеуін;

      2) Алтай ауданы әкімінің Интернет – ресурсында осы шешімнің орналастыруын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай қаласының әкімі К. Передельский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады