ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 - бабы 1 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2 – тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2020 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2020 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2020 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. "Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Р. Джаманбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауданының әкімі | Р. Курмамбаев |
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 113 Қаулысына 1 қосымша |
2020 жылға арналған ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің саны (адам) |
Квота мөлшері | Жұмыс орындарының саны (бірліктер) |
1. | "Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 101 | 1 | 1 |
2. | "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі | 449 | 1 | 4 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 201 | 1 | 2 |
4. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Катонқарағай ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 206 | 1 | 2 |
5. | "Алтай Комхоз Сервис" қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны | 106 | 1 | 1 |
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 113 Қаулысына 2 қосымша |
2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің саны (адам) |
Квота мөлшері | Жұмыс орындарының саны (бірліктер) |
1. | "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі | 449 | 1 | 4 |
2. | "Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 123 | 1 | 1 |
3. | "Алтай Комхоз Сервис" қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны | 106 | 1 | 1 |
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 113 Қаулысына 3 қосымша |
2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің саны (адам) |
Квота мөлшері | Жұмыс орындарының саны (бірліктер) |
1. | "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі | 449 | 1 | 4 |
2. | "Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 123 | 1 | 1 |
3. | "Алтай Комхоз Сервис" қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны | 106 | 1 | 1 |