2020-2021 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 46/420-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8115 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13- баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2020-2021 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Катонқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Ағажаева
      Мәслихат хатшысы Д. Бралинов

  Катонқарағай
аудандық мәслихаты
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 46/420-VI шешіміне қосымша

2020-2021 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар

      2020-2021 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15090 нөмірімен тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар мазмұны:

      1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Белқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);

      2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);

      6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Белқарағай ауылдық округінде 4 елді мекен бар.

      Белқарағай ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 25 230,93 га, соның ішінде: егістіктер – 4616,88 га, шабындықтар – 746,75 га, жайылымдық жерлер – 19 373,59 га; басқа алқаптар – 464,71 га;

      Санаттары бойынша жерлер бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 22 228,93 га;

      елді мекен жерлері – 2996,0 га.

      Табиғи жағдайлары бойынша Белқарағай ауылдық округінің аумағы таулы-орманды дала аймағына жатады. Аймақтың климаты ылғалды, жазда орташа салқын және қыста суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жыл ішінде 500-800 мм жауын-шашын түседі, ал оңтүстікте 400-550 мм жақсы айқын жазғы максимуммен.

      Топырағы негізінен таулы-орманды, таулы-кен, қара топырақты.

      Белқарағай ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт, 2 мал қорымы және 1 мал тоғыту орны бар.

      2020 жылдың 1 қаңтарына Белқарағай ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалығының мал басы) ірі қара мал 4161 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 2170 бас, қой мен ешкі 4734 бас, жылқылар 4997 бас, марал 1154 бас, түйе 182 бас (1-кесте) есептелген.

      Белқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер

  1-кесте

Елді мекендер

Халықтың мал басы

Шаруа және фермер қожалықтарының мал басы

ірі қара мал

қой мен ешкі

жылқы

ірі қара мал

қой мен ешкілер

жылқы

марал

түйе

барлығы

Соның ішінде: сауынды

барлығы

Соның ішінде: сауынды

1

Белқарағай

312

383

954

735

761

507

899

1098

795


2

Топқайың

434

545

1238

1075

70

133

305

790

202


3

Өрнек

120

141

154

252

87

243

887

547

4

5

4

Сөгір

120

68

297

93

129

150

-

407

153

177

      кестенің жалғасы

Барлығы:

ірі қара мал

қой мен ешкілер

жылқы

марал

түйе

барлығы

Соның ішінде: сауынды

1073

890

1853

1833

795

-

504

678

1543

1865

202

-

207

384

1041

799

4

5

207

218

297

500

153

177

      Белқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 16 851,6 га, елді мекен шегінде 3135,6 га жайылым бар.

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес елді мекеннің қолда бар жайылымдық алқаптарында 3135,6 га мөлшерінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-ұстау бойынша жергілікті халықтың (Белқарағай, Топқайың, Өрнек, Сөгір) мұқтажы үшін қажеттілік 275,4 га құрайды (2 -кесте).

  2-кесте

Елді мекендер

Жайылымдар ауданы, (га)

Сауын сиырлардың болуы (бас)

Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)

Жайылымдар қажеттілігі,(га)

Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген (га)

Артылғаны, (га)

1

Белқарағай

1461,1

383

3,0

1149

-

312,1

2

Топқайың

614,5

545

3,0

1635

1020,5

-

3

Өрнек

598

141

3,0

423

-

175

4

Сөгір

462

68

3,0

204

-

258

      Қалыптасқан 275,4 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін, 275,4 га - мемлекеттік ұлттық табиғи паркке тиесілі жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.

      Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 12 175,8 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар. Ірі қара басына қалыпты жағдайдағы жүктемесі – 3,0 га/бас, қой мен ешкі – 0,6 га/бас, жылқылар – 3,6 га/бас (3-кесте).

  3-кесте

Елді мекендер

Халықтың мал басы

Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)

Жайылымдар қажеттілігі,(га)

ірі қара мал

қой мен ешкі

жылқы

ірі қара мал

қой мен ешкі

жылқы

ірі қара мал

қой мен ешкі

жылқы

барлығы (га)

1

Белқарағай

312

954

735

3,0

0,6

3,6

936

572,4

2646

5303,4

2

Топқайың

434

1238

1075

3,0

0,6

3,6

1302

742,8

3870

7549,8

3

Өрнек

120

154

252

3,0

0,6

3,6

360

92,4

907,2

7549,8

4

Сөгір

120

297

93

3,0

0,6

3,6

234


334,8

772,8

      Қалыптасқан 12 175,8 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда 12 175,8 га – мемлекеттік ұлттық табиғи паркке тиесілі жерлерде жаю есебінен толықтыру қажет.

      Белқарағай ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 2080 бас, қой мен ешкі 2091 бас, жылқылар 2842 бас, марал 1154 бас, түйе 182 басты құрайды.

      Шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы 16 851,6 га құрайды (4-кесте).

      Белқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылық өндірушілердің ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу бойынша мәліметтер

  4-кесте


Елді мекен атауы

Ауданы (га)

Мал түрлері бойынша қолда бары, (бас)

Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)

ірі қара мал

қой мен ешкі

жылқы

марал

түйе

ірі қара мал

қой мен ешкі

жылқы

марал

түйе

1

Белқарағай

16 851,6

2080

2091

2842

1154

182

3,0

0,6

3,6

3,6

3,6

      кестенің жалғасы

Жайылымдар қажеттілігі,(га)

ірі қара мал

қой мен ешкі

жылқы

марал

түйе

барлығы (га)

7710

7527,6

10231,2

4154,4

655,2

30278,4

  2020-2021 жылдарға арналған
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Белқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)

     



      Шарты белгілері:

     


      Белқарағай ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар тізімі

  5-кесте.

Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы

жайылым ауданы, га

мал басының болуы

қажет жайылым,

Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы

1

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк

12 175,8

жоқ

-

12 175,8

  2020-2021 жылдарға арналған
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
2-қосымша

      Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Белқарағай ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы

Жылдар

1 мал айдау

2 мал айдау

3 мал айдау

4 мал айдау

2020

көктем-жазғы 1-маусым

жазғы 2-маусым

күзгі 3-маусым

демалыс

2021

демалыс

көктем-жазғы 1-маусым

жазғы 2-маусым

күзгі 3-маусым

      Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.

  2020-2021 жылдарға арналған
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
3-қосымша

      Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

     



      Шартты белгілері:

     


  2020-2021 жылдарға арналған
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды
басқару және оларды
пайдалану жөніндегі Жоспарына
4-қосымша

      Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

     



      Шартты белгілері:

     


  2020-2021 жылдарға арналған
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
5-қосымша

      Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

     



      Шартты белгілері:

     


  2020-2021 жылдарға арналған
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
6-қосымша

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі

Ауылдық округ

Малды жайылымға шығару мерзімі

Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі

Белқарағай

сәуір-мамыр

қыркүйек-қазан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады