ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабы 4) тармақшасына сәйкес, Еңбек ауылының тұрғындарының пікірлерін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 03-18/805 қорытындысын есепке ала отырып, Өрел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі Еңбек ауылының келесі көшесі қайта аталсын:
"Таңба" көшесі "Төлеген Рақымжанов" көшесіне.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Е. Кобешев |