Шектеу іс-шараларын тоқтату және Марқакөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 2 "Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округіне қарасты Қарашілік ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 6724 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылдың 31 желтоқсандағы № 920 ұсынысы негізінде, Марқакөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округіне қарасты Қарашілік ауылы тұрғындарының ірі қара мүйізді малына сарып ауруынан Республикалық бюджеті есебінен жүргізілген сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Марқакөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 2 "Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округіне қарасты Қарашілік елді мекеніне шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 24 маусымда № 6032 болып тіркелген және 2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік қүқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Марқакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Марқакөл ауылдық округінің әкімі Р. Кемешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады