Шектеу іс – шараларын тоқтату және Маралды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 1 "Күршім ауданының Маралды ауылдық округіне қарасты Үшбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 8231 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 1371 ұсынысы негізінде, ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданының Маралды ауылдық округіне қарасты Үшбұлақ ауылындағы ірі қара мүйізді малына сарып ауыруынан Республикалық бюджеті есебінен жүргізілген сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Маралды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 1 "Күршім ауданының Маралды ауылдық округіне қарасты Үшбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылғы 24 тамызында № 7481 болып тіркелінген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 19 тамыз 2020 жылы жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маралды ауылдық округінің әкімі Ф. Ожикенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады