Шектеу іс-шараларын тоқтату және Төсқайың ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 тамыздағы № 1 "Күршім ауданының Төсқайың ауылдық округіне қарасты Шанағаты ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 6721 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетеінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылдың 20 желтоқсандағы № 910 ұсынысы негізінде, Төсқайың ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданының Төсқайың ауылдық округіне қарасты Шанағаты ауылында ірі қара мүйізді малына сарып ауруынан Республикалық бюджеті есебінен жүргізілген сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Төсқайың ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 тамыздағы № 1 "Күршім ауданының Төсқайың ауылдық округіне қарасты Шанағаты ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 19 тамыздағы № 6120 болып тіркелінген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 21 тамызда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      1. "Төсқайың ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төсқайың ауылдық округінің әкімі А. Беткенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады