Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 43-2 "2020-2022 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 6949 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 55-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 55-2 шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106, 109-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 43-2 "2020-2022 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6472 тіркелген, 2020 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер бекітілсін.

      Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.".

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Дюсембаев
      Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы Т. Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады