Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 20-3/1 "Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің"Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 50-3/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қыркүйекте № 7555 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 2-6/4 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 17.04.2023 № 2-6/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 20-3/1 "Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің"Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5583 тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің"Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiнде:

      2 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:

      "6) мінез-құлық индикаторы – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;";

      4 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:

      "4. "Б" корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.";

      15 тармақ келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:

      "15. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметінде сақталады.";

      16 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:

      "Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.";

      17 тармақ келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:

      "17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.";

      18 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:

      "18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:";

      29 тармағына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілінде өзгермейді;

      41 тармақ келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадр қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.";

      43 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:

      "2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Джунусбеков
      Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы Т. Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады