ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2017 жылдың 7 қарашасындағы қорытындысының негізінде, Аққала, Жаңңа-Жол ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Аққала ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Көкпекті ауданының Аққала ауылының келесі көшелерінің атауылары:
1) Центральная көшесі Тәуелсіздік көшесі;
2) Верхняя көшесі Достық көшесі;
3) Новая көшесі Жастар көшесі болып өзгертілсін.
2. Көкпекті ауданының Жаңа-Жол ауылының келесі көшелерінің атауылары:
1) Центральная көшесі Атамекен көшесі;
2) Комсомольская көшесі Еспе көшесі болып өзгертілсін.
3. Көкпекті ауданының "Аққала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққала ауылдық округінің әкімі | М. Жанкебаев |